Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

Лицензияның қолданысын

қайта бастау туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Күлжан Сапарқызы Түкібаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001712 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 20 маусымнан қайта басталсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
    К.С. Түкібаеваның, Ақмола облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 31 мамырдағы №06-19/3914 ұсыныс, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 25 мамырдағы №223 өтініш хаты, 2022 жылдың 18мамырдағы адвокат К.С. Түкібаеваның өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
07 июня 2022