Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

Лицензияның қолданысын

қайта бастау туралы

 

         «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылы 29 мамырында Майя Темерлановна Кенесбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001277 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус М.Т.Кенесбаеваның назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 02 маусымдағы № 2-07/4231-И хаты және нотариус М.Т.Кенесбаеваның арызы.  

 

 

Вице-министр                                                                               А. Мадалиев

Дата публикации
07 июня 2022