Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі

Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы

хабарландыру

 

Жарияланды: 2022 жылғы 6 маусым

Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан әрі –Қоғамдық кеңес) Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша қосымша конкурс жариялайды (4 бос орын).

Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен  ұсына алады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат кемінде бір кандидатты ұсына алады.

Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат бола алады.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

  • кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  • кандидаттың өмірбаяндық деректері көрсетілген кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты, болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттар 2022 жылғы маусымның 7-сі мен 20-сы аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., «Министрліктер үйі», Мәңгілік Ел даңғылы 8, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тел.: 8(7172) 740768;8-775-666-67-25.

Электрондық мекенжайлар: S.Sapaeva@adilet.gov.kz. E.Kholmetskaya@adilet.gov.kz 

Анықмама: Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған не олар белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайда, өтінімдер қараусыз қалдырылады.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы:

Мемлекеттік органдардың 4 өкілі.

Азаматтық қоғамның 18 өкілі.

 

 

 

Нысан

 

 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

______________________________
_________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)

Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатты ұсыну туралы

өтініш

 

            Мен, ___________________,  туған жылым ________ _____ , жеке куәлік № ________________________________, тіркелген (тұратын) мекенжайым: _____________ қ. __________________ , Қоғамдық кеңестің мүшелігіне өз кандидатурамды ұсынамын.

                «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

            Мына құжаттарды қоса беремін:                                                                                                      

1)

2)

3)

4)

 

«____»__________2022 ж             _______________                        __________________________

 (толтырылған күні)                            (қолтаңба)                               (қолтаңбаның толық жазылуы)

Дата публикации
06 июня 2022