Әділет органдары қызметкерлері мен азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру үшін 2022 жылдың бес айы қорытындысы бойынша аумақтық әділет органдары бұқаралық ақпарат құралдарында 390-нан астам сөз сөйледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілді.
Мінез-құлықтың этикалық нормаларын бұзудың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша осыған ұқсас 200-ден аса іс-шара өткізілді.
Жыл сайын Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оның ішінде Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» («Коррупция – болезнь, борьба с ней – наш долг») қағидатын санаға енгізе отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинарларды арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары арасында өткізу, сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сияқты іс-шаралар көзделген (жоспар МО ИРБП-да орналастырылған).
Аталған жоспарды орындау мақсатында әділет органдары қызметкерлері ағымдағы жылдың бес айында оқу орындарында
28 семинар және дәрістер өткізген.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағын орындау мақсатында 2021 жылы әділет органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2022 жылы қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген (жоспар
МО ИРБП-да орналастырылған).
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабы
3-тармағын орындау үшін Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында (квазимемлекеттік сектор субъектілерінде) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын жауапты қызметкерлер анықталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы № 4 Үлгілік базалық бағыт шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыру үшін Әділет министрлігі 2022-2025 жылдарға арналған іс-шараларды іске асыру картасын бекітіп, жұмыс үшін қабылдады.