Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алма Мейрамовна Сармановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылдың 27 шілдедегі берілген № 0000155 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 20 қарашасына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Түркістан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.М. Сарманованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Сарманованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.М. Сарманованың 2022 жылғы 20 мамырдағы өтініші және Түркістан облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 02-74-4/6489  ұсынуы

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Мадалиев

 

Дата публикации
26 мая 2022