
А.ж. 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А.Е. Ахметованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) бірінші отырысы өтті.
ВЖТ отырысы барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Ж. Сулейменовтың жасаған № 2146/2012 шағымына қатысты пайымдауы қаралды.
Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э. Ә. Әзімова қатысты.
Қарау нәтижелері туралы а.ж. 20 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің веб-сайтында хабарланатын болады.