Лицензиясынан айыру туралы

Лицензиясынан айыру туралы

 

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Абзал Аспенович Абуталиповқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2014 жылғы 1 тамыздағы № 1342 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
  2. Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1)  осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;

2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

3)  жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

  1. Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
  2. Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д. Игембаев).
  4. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Негізі: Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 мамырдағы қаулысы.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                                           А. Мадалиев

 

Дата публикации
23 мая 2022