Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылғы
13 қыркүйек А.С. Жұмағалиеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000902 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Атырау облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
А.С. Жұмағалиеваның, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 14 сәуір 2022 жылғы Атырау облысы адвокаттар алқасының № 96-04 өтініш хаты және 2022 ж. 7 сәуірдегі №36 қаулысы.
Вице-министр А.Мадалиев