Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

Лицензияның қолданысын

қайта жалғастыру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2000 жылдың 18 ақпанныңда Қ.Қ.Мукушеваның атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0002691 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
    Қ.Қ.Мукушеваның, Ақмола облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 26 сәуірдегі №06-19/2970 ұсыныс және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 21 сәуірдегі №172 өтініш хаты, 2022 жылдың 20 сәуірдегі  адвокат Қ.Қ. Мукушеваның өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
19 мая 2022