Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

 

Лицензияның қолданысын

қайта жалғастыру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың 6 ақпанныңда С.А.Бекбасыновтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0004531 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
    С.А. Бурамбаевты, Ақмола облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 26 сәуірдегі №06-19/2971 ұсыныс және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 21 сәуірдегі  №173 өтініш хаты, 2022 жылдың 18 сәуірдегі  адвокат Б.С. Бекбасыновтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
19 мая 2022