Лицензияның күшін тоқтату туралы

Лицензияның күшін

тоқтату туралы

 

         «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылғы 31 желтоқсанда Ерлан Жакимович Закирьяновқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002080 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Ақмола облысы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.Ж. Закирьяновтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус Е.Ж. Закирьяновтың мөрін жою ұйымдастырылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Көкшетау қалалық сотының 2022 жылғы 3 ақпандағы шешімі, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2022 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы .

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Мадалиев

 

 

Дата публикации
17 мая 2022