Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Заңның 144-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Рустам Саттаркулович Халикуловқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2017 жылғы 05 қаңтардағы №3388 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;
2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
- Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
- Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д. Игембаев).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2021 жылғы 10 желтоқсандағы қайтыс болу туралы куәлік.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев