«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 15-бабы 12) тармақшасына сәйкес, Ішкі аудит басқармасымен (бұдан әрі- Басқарма) 2021 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Әділет министріне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жылдық есеп берілгендігін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1120 бұйрығымен бекітілген 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесіне сәйкес, Ақмола облысының Әділет департаменті мен Ақмола облысы бойынша Сот сараптамалары институтында аудиторлық іс-шаралар жүргізу 2022 жылдың 1-2 тоқсанына жоспарланды.
Осыған орай, Ақмола облысының Әділет департаменті мен Ақмола облысы бойынша Сот сараптамалары институтында ағымдағы жылдың сәуір айында ішкі мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық іс-шаралардың алдын алу кезеңі жұмыстары жүргізілді.