Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның (бұдан әрі-Заң) 26-бабының 2-тармағына сәйкес құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі (бұдар әрі- МКЗК) заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
2021жылдың қорытындысы бойынша 120 мыңнан аса азаматқа МКЗК көрсетілді.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МКЗК 33 387 азаматқа көрсетілді, оның ішінде 80% қылмыстық істер бойынша (26998), 1% - азаматтық істер бойынша (372), 2,5 % - әкімшілік істер бойынша (974), 15% - құқықтық консультация (5043).
Қазіргі уақытта аумақтық әділет департаменттерімен әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде тегін көмек алу құқығын түсіндіру, сонымен қатар құқықтық кеңес беру бойынша халық арасында кең құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде МКЗК алуға құқығы бар адамдар мен осындай көмек көрсететін субъектілер тобын кеңейту туралы мәселені пысықтай отырып, 2025 жылға қарай халыққа МКЗК-ні 2 есеге ұлғайту бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына бастамашылық жасап, ол ағымдағы жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылдады.
Осы Заң жобасы МКЗК-ні Заң консультанттарының көрсетуін, сондай-ақ оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға заң көмегін көрсету арқылы адамдар тобын кеңейтуді көздейді.
Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес адвокаттардың МКЗК көрсетуге қатысуын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы ұйымдастырады.
МКЗК алуға қатысты туындаған мәселелер бойынша не мұндай көмек көрсетуден заңсыз бас тартылған жағдайларда азаматтар аумақтық адвокаттар алқаларына немесе әділет департаменттеріне жүгіне алады (байланыстары қоса беріледі).
Сондай-ақ МКЗК көрсететін адвокаттардың тізімі сайттарда орналастырылған http://advokatura.kz/regional/, www.adilet.gov.kz.