Әділет департаменттерімен «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында қызметіне 2021 жылдың қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау жүргізудің талдауы.

Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Әділет департаменттерімен (бұдан әрі - ӘД) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметіне профилактикалық бақылау бойынша талдау жүргізілді 2021 жылдың.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу саласында

2018 жылғы 24 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2019 жылғы                 2 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдармен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі функциялар коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу Мемлекеттік корпорацияға берілді.

Әділет органдарына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметін бақылау жөніндегі функциялар бекітілген.

Әділет департаменттері көрсетілген бағыттар бойынша 2021 жылы шығумен 36 жоспарлы тексеру (2020 жылы – 25) және 20 жоспардан тыс тексеру (2020 жылы – 3) жүргізілді.

кесте

 

 

регион

2020 год

2021 год

№

Жоспарлы

Жоспардан тыс

Жоспарлы

Жоспардан тыс

1

Алматы облысы

2

-

2

-

2

Ақмола облысы

2

-

3

1

3

Атырау облысы

2

-

1

1

4

Актөбе облысы

1

-

1

-

5

Алматы қ.

1

-

-

2

6

Шығыс Қазақстан

облысы

1

-

1

2

7

Жамбыл облысы

-

-

1

-

8

Батыс Қазақстан

облысы

1

-

1

-

9

Қарағанды облысы

1

1

2

2

10

Қостанай облысы

1

2

1

5

11

Қызылорда облысы

-

-

1

-

12

Маңғыстау облысы

1

-

1

-

13

Нұр-Сұлтан қ.

1

-

1

2

14

Павлодар облысы

6

-

4

-

15

Солтүстік Қазақстан

облысы

2

-

1

-

16

Түркістан облысы

2

-

14

-

17

Шымкент қ.

1

-

1

5

 

ИТОГО:

25

3

36

20

Әділет департаменттері жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бұзушылықтарды жою туралы 36 ұсыныс (2020 жылы – 25) шығарылды.

Ұсыныстарды шығаруға келесі фактілер себеп болды:

- мемлекеттік тіркеуді негізсіз тоқтата тұру;

-5 өңірде тіркеу мерзімдерін бұзу;

-9 өңірде толық емес құжаттар топтамасы бойынша тіркеуді жүзеге асыру;

- 8 өңірде заңсыз тіркеу;

- 6 өңірде артық құжаттарды талап ету;

- келіп түскен хабарламалардың тиісінше тіркелмеуі 1 өңір;

- 8 өңірде тіркеу істерін тиісінше сақтамау.

Талдау көрсеткендей, ұсыныстарды шығару үшін себептердің ең көп санын: заңсыз тіркеу (8), құжаттардың толық емес пакеті бойынша тіркеуді жүзеге асыру (9), артық құжаттарды талап ету (6) құрады.

Әділет департаментінің ақпараты бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдары аталған бұзушылықтарды сәйкестікке келтіру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін Мемлекеттік Корпорация филиалдарының 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2021 жылы Мемлекеттік Корпорация филиалдарының қызметіне 31 шағым түсті, оның ішінде: негізделген – 13 және негізсіз – 18 (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 14 шағым түсті, оның ішінде: негізделген-1 және негізсіз-13).

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған басым міндеттердің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.

Әділет органдары көрсетілетін қызметті алушылардың кез келген өтініштеріне уақтылы ден қоюға міндетті.

Алайда, Нұр-Cұлтан қаласы және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменттерінің азаматтардың өтініштері бойынша шара қабылдаудың қоюдың жоқтығы туралы фактілер орын алуда.

Әділет министрлігі тапсырма жібергеннен кейін ғана Әділет департаменті алдағы уақытта ұсынылатын құжаттарды мұқият зерделеу туралы Мемлекеттік корпорацияның филиалының қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді.

Осындай фактілер аумақтық әділет органдарының мемлекеттік корпорацияның филиалдарымен тиісті өзара іс-қимылының жоқтығын және жұмысының жеткіліксіздігін айғақтайды.

 

Жүргізілген жалпылау негізінде келесіні қажет деп санаймыз:

- ӘД Мемлекеттік корпорацияның филиалдарымен бірлесіп жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар қабылдау бөлігінде талқылау;

- ӘД жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеуді жүзеге асыру мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына әдіснамалық, консультациялық және практикалық көмек жүргізуді қамтамасыз етсін;

- тіркеуші орган тарапынан заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында қызмет көрсету мерзімі мен сапасына бақылауды күшейту.

- Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына құқықтық түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізу;

- заңды тұлғаларды тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім шығару кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау және бұйрықтардың мазмұнына аса мұқият болу қажет.

 

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 жарлығымен азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функциялар жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді.

Әділет органдарына нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар қалдырылды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 03.12.2020 жылғы №715 05.05.2021 жылғы №366 бұйрықтарымен 2021 жылдың 1 және 2 жарты жылдығына арналған азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері бекітілді.

Тіркеуші органдардың Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тізімге сәйкес 13 облыста және Нұр - сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында тіркеуші органдарда (бұдан әрі - АХАТ органдары) 49 жоспарлы тексеру (2020 жылы-52) және Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі аппараттың АХАТ бөлімінде 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

кесте

 

 

 

Регион

2020 год

2021 год

№

1

Алматы облысы

5

2

 

2

Ақмола облысы

5

2

 

3

Атырау облысы

3

4

 

4

Актөбе облысы

5

4

 

5

Алматы қ.

3

2

 

6

Шығыс Қазақстан

облысы

3

2

 

7

Жамбыл облысы

4

3

 

8

Батыс Қазақстан

облысы

2

0

 

9

Қарағанды облысы

2

4

 

10

Қостанай облысы

1

2

 

11

Қызылорда облысы

2

1

 

12

Маңғыстау облысы

2

2

 

13

Нұр-Сұлтан қ.

2

3

 

14

Павлодар облысы

2

2

 

15

Солтүстік Қазақстан

облысы

8

7

 

16

Түркістан облысы

2

8

 

17

Шымкент қ.

1

1

 

 

ИТОГО:

52

49

 

 

Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 242 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 126 бірлескен бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парағына сәйкес «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) мониторингі барысында анықталған бұзушылықтар негізінде азаматтық хал актілерін түрлері бойынша, тіркеу журналдарын ішінара зерделеу арқылы жүргізілді.

Тексерулер Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген нормалардың, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы              25 ақпандағы №112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) және басқа да нормативтік құқықтық актілердің сәйкестігіне жүргізілді.

Бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау барысында заңнама нормаларының мынадай бұзушылықтары анықталды:

- некеде тұрмаған ананың өтініші бойынша тіркелген туу туралы акт жазбаларында баланың әкесінің аты көрсетілген, ал «әкесі туралы мәліметтер» бағаны толтырылмаған (Кодекстің 192-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы);

- неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбаларында некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолдары жоқ (Кодекстің 226-бабының 4-тармағы);

- акт жазбалары тіркеуші орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітілмеген, сондай-ақ АКТ кітаптары тігілмеген (Кодекстің 181-бабы);

- АХАТ органы мамандарының кінәсінен қайта жасалған, кейіннен жойылған жазбалар анықталды (Кодекстің 185-бабы);

- баланың нақты туған жерінің орнына тіркеу орнының атауы көрсетілген (кодекстің 188-бабының 3-тармағы);

- неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбаларында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгілер жоқ (Кодекстің 177-бабы);

- некені (ерлі-зайыптылықты) тууды, қиюды және бұзуды мемлекеттік тіркеу белгіленген мерзімді бұза отырып жүргізілген (Кодекстің 13, 189, 240-баптары);

- өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы қорытындыларда Қағидалардың 146-тармағында көзделген негіздер ескерілмейді;

- Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қатысушы елдердің нотариустары берген нотариат куәландырған сенімхаттарда «апостиль» мөртабаны жоқ;

- неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу кезінде шетелдік азамат паспортының аудармасы жоқ (Кодекстің 224-бабы);

- неке қиғаннан (ерлі-зайыпты болғаннан) кейінгі тегі бағанындағы мәліметтер электрондық өтініштерде көрсетілген тектерге сәйкес келмейді (Кодекстің 225-бабы);

- алдыңғы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыптылық)туралы акт жазбаларында жоқ;

- ҚР Салық кодексінің 612-бабында көзделген мөлшерлемелерге сәйкес мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектер және т. б. жоқ.

Профилактикалық бақылау барысында анықталған ұйғарым бойынша елеусіз бұзушылықтар жойылды, мамандарға осындай бұзушылықтарға жол бермеу туралы ұсынымдар берілді.

Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарының тіркеуші органдарының мамандары заңнама нормаларын өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнама нормаларын өрескел және елеулі бұзушылықтарға жол берген АХАТ органдарының басқа мамандарының жұмыстан босатылуына байланысты осы бөлімдердің басшылары (әкім аппараттарының басшылары) алдағы уақытта осындай бұзушылықтардың алдын алу туралы қатаң ескертті.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз келесі шараларды қабылдау қажет деп санаймыз:

  1. Тіркеуші органдар тарапынан осы саладағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу сапасына бақылауды күшейту;
  2. ӘД белсенділігінің жоқтығын, жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде тәсілдің іріктелгендігін атап өту қажет.
  3. Тіркеуші органдар қызметкерлерінің заңнама нормаларын бұзбауына жол бермеу мақсатында ай сайынғы негізде заңнама талаптарын түсіндіру және азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылау бойынша онлайн режимде семинарлар өткізу қажет;
  4. ӘД тұрақты негізде АХАЖ АЖ-да тіркелген азаматтық хал актілерінің заңдылығына және олардың дұрыстығына мониторинг жүргізу;
  5. ӘД және АХАТ органдары азаматтардан келіп түсетін акт жазбаларын өзектендіруге арналған өтінімдерге күн сайын мониторинг жүргізсін және оларды АХАЖ АЖ-ға енгізу жөнінде дереу шаралар қабылдасын;
  6. ӘД Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 03.12.2021 жылғы №1028 бұйрығымен бекітілген 2022 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес жүргізілген тексерулер мен қабылданған шаралар туралы сапалы және толық ақпаратты ағымдағы жылғы 20 мамырға дейінгі мерзімде ұсынсын.

 

 

Дата публикации
21 апреля 2022