Лицензияның күшін тоқтату туралы  

 

Лицензияның күшін

тоқтату туралы

 

         «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылдың 25 тамызда София Адаивна Кушниренкоға берілген №17015073 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Маңғыстау облысы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.А. Кушниренконың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус С.А. Кушниренконың мөрін жоюды.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Ақтау қалалық сотының 2022 жылғы 24 қаңтардағы үкімі, Маңғыстау облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысы, Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2022 жылы 13 сәуірдегі № 05-07/2266 ұсынуы. 

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
20 апреля 2022