Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы                 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дмитрий Владимирович Ушаковқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 17 қаңтарда берген № 14000435 мемлекеттік лицензиясының қолданысы екі ай мерзіміне тоқтатыла тұрсын.
  2. 2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.В. Ушаковтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

  3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.В. Ушаковтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық жекеше нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Шығыс Қазақстан облысының Нотариаттық палатасының 2022 жылғы 4  наурыздағы №344 ұсынуы.

 

 

Вице-министр                                                                                    А. Әмірғалиев

Дата публикации
08 апреля 2022