Лицензияның қолданысын тоқтату туралы  

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың 29 қыркүйекте Д.Д.Черныйға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0005849 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Ақмола облысы Әділет Департаменті:

         1) Д.Д.Черныйдың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Д.Д.Черныйдың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 29 наурыздағы №06-19/1957 ұсыныс және 2021 жылдың 01 наурыздағы № 20-504-21-00001002 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі, Ақмола облысы адвокаттар алқасының өтініші.

 

Вице-министр                                                                            А.Әмірғалиев

Дата публикации
07 апреля 2022