Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы

Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды кедергісіз тіркеу

Әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік тіркеу ел экономикасын дамытудағы негізгі буын болып табылады, осыған байланысты Мемлекеттік қызметтер көрсетуді тұрақты жетілдіруді, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде мемлекеттік тіркеу институты айтарлықтай жетілдірілді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға және автоматтандыруға байланысты айтарлықтай өзгерістер болды.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тіркеуді әртүрлі уәкілетті органдар мен ұйымдар - техникалық түгендеу бюросы, жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасы, жылжымайтын мүлік орталықтары жүзеге асырды.

Кейіннен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциясы аумақтық әділет органдарына берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасының 100-қадамы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» құрылды, онда барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерде көрсету мақсатында бірыңғай жүйеге барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары шоғырланған.

Осыған байланысты 2018 жылы әділет органдарынан жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілді.

Мемлекеттік бағдарламаларда көзделген іс-шараларды іске асыру, заңнаманы жетілдіру жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жаңа деңгейге көшіруге мүмкіндік берді.

Құқықтық кадастрдан мәліметтер түріндегі барлық ақпараттық қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды.

Құқықтық кадастрдан мәліметтерді ұсыну барынша жеңілдетілді, бұл ретте интернеттің болуы немесе азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына жүгіну жеткілікті.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 15 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылған, бұл ретте құқықтарды, оның ішінде жылжымайтын мүлік кепілін электрондық тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін заңнамада нотариалды куәландырылған мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды 2 сағат ішінде жедел тіркеу қарастырылған.

Нотариат туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне қарамастан, мәміле тараптарының нотариусқа жүгіну құқығы көзделген.

Құқықтық кадастрдағы құқық иеленушінің мекенжайы мен деректерінің өзгеруі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйелері, мекенжай тіркелімі және «Заңды тұлғалар» мен «Жеке тұлғалар» дерекқорлары арасында деректермен алмасу арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл меншік иесінің тіркеуші органға жүгінуін болдырмауға мүмкіндік берді.

2017 жылдан бастап салынған жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт дайындау туралы талап алынып тасталды, объектінің барлық қажетті сәйкестендіру және техникалық сипаттамалары пайдалануға қабылдау актісінде қамтылған.

Қабылданған шаралар жылжымайтын мүлікті сатып алушылардың тіркеуші органға уақтылы жүгінуіне оң әсер етті, осылайша мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік өзектілігін жоғалтты, осыған байланысты 2021 жылы заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді дамытудың келесі кезеңі құқықтық және жер кадастрларының ақпараттық жүйелерін біріктіру жолымен Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін (ЖМБМК) енгізу болып табылады.

ЖМБМК - да жұмыс істеу жер учаскесіне құқықтарды бір өтініш шеңберінде ресімдеу мен тіркеуді көздейді.

ЖМБМК жүйесін қолдану 2021 жылдың соңына қарай күтілуде.

Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтердің қажеттілігін атап өту қажет.

Мемлекеттің тұрақты даму факторларының бірі тұрақты дамып келе жатқан кәсіпкерлік қызметы болып табылады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру соңғы жылдары тіркеу тәртібі мен шарттарын жеңілдетуге ықпал етті.

2010 жылдан бастап электрондық қызметтер белсенді дамып келеді, енді бизнесті «Электрондық үкімет» порталы арқылы интернет арқылы ашуға болады.

Заңнамалық деңгейде бизнесті тіркеу кезінде жарғыны және орналасқан жерін, салық берешегінің жоқтығын және т. б. растайтын бірқатар қағаз құжаттарды ұсыну қажеттілігі алынып тасталды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметінің тоқтатылуын тіркеу кезінде тіркеу алымын төлеу жойылды, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталды қалыптастыру 100 теңге талабы жойылды, «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеуді жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін тіркеу мерзімі жұмыс күнінің 1 сағатына дейін қысқартылды (бұрын мерзім бір жұмыс күнін құраған), жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөртаңба талабы жойылды.

Қабылданған заңнамалық реформалар нәтижесінде кәсіпорынды ашу үшін кәсіпкерге «электрондық үкімет» веб-порталында өтінішті толтыру жеткілікті, онда тіркеу 1 сағат ішінде төлемсіз және қандай да бір құжаттарды ұсынусыз интернет арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес үшін заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде банктік шот ашу және «электрондық үкімет» веб-порталында сақтандыру шартын жасасу, бір мезгілде ҚҚС төлеуші ретінде салық органдарында есепке тұру, банкте шот ашу және жұмыскерлерді сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі іске асырылды.

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы функция 2019 жылғы 1 шілдеден бастап әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілді.

Ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу автоматтандырылды, орналасқан жері, басшысы, қызмет түрі, жарғылық капиталын ұлғайту және т. б. ауысқан кезде «электрондық үкімет» порталы арқылы хабарлама жасау тәртібі енгізілді.

Заңды тұлғаны құруды жеңілдетуге бағытталған шаралар кәсіпкерге үйден шықпай-ақ бір күннің ішінде өз бизнесін ашуға мүмкіндік берді.

Осылайша, іске асырылған іс-шаралар әкімшілік кедергілерді барынша жоя отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамытуда елеулі өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Өз кезегінде әділет органдары заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу салаларында жүктелген міндеттер шеңберінде мемлекеттің дамуы бойынша ерекше үлес қосады.

 

 

Дата публикации
07 апреля 2022