Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың
3 қазанда Гүлнара Қадырбекқызы Оразалыға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 16015249 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 11 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Г.Қ. Оразалының, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 11 наурыздағы ұсынысы, Г.Қ. Оразалының 2022 жылдың 28 ақпандағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев