Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызда Т.А.Байсеитовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001970 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Алматы облысы Әділет Департаменті:

         1) Т.А.Байсеитовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Т.А.Байсеитовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 24 наурыздағы №06-32/326-И ұсыныс және 2022 жылдың 7 ақпандағы № 20-556-22-0000216 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі, Алматы облысы адвокаттар алқасының өтініші.

 

Вице-министр                                                                            А.Әмірғалиев

Дата публикации
01 апреля 2022