Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Венера Нурмаханбетовна Утегеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 29 наурызда берілген № 13004629 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Алматы облысы Әділет департаменті:

1)  Алматы облысының нотариаттық палатасына хабарлау;

2) көрсетілген нотариустың нотариаттық құжаттарын жеке нотариаттық мұрағатқа тапсыру;

3) жекеше нотариус В.Н. Утегенованың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 29.03.2022 ж. № 06-20/346-И ұсынуы және от 02.03.2022 жылғы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы. 

 

 

Вице-министр                                                                       А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
01 апреля 2022