Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылғы
28 сәуірде А.М. Жакуповқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №16007082 мемлекеттік лицензиясының қолданысы шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
А.М.Жакуповтың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы облысының Әділет департаментінің 16.03.2022 ж. №06-32/308-И ұсынысы және Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 сотының ұйғарымы.
Вице-министр А. Әмірғалиев