Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылғы
17 наурызда Мынжасар Мухтарович Канатпаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000515 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 31 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
М.М.Канатпаевтың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: адвокат М.М.Канатпаевтың өтініші, 09.03.2022 жылғы
Алматы қалалық адвокаттар алқасының № 1-80 өтініш хаты.
Вице-министр А. Әмірғалиев