Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы
1 қаңтарда Руслан Куантаевич Усмановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20000591 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 25 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Р.К. Усмановтың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2022 жылғы 9 наурыздағы №123 Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының хаты және адвокат Р.К. Усмановтың 2022 жылғы 25 ақпандағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев