2021 жылдға зияткерлік меншік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Мониторинг

 

Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.

2021 жылы аумақтық әділет органдары ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану бойынша 7 тексеру жүргізді.

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 жарлығына сәйкес шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізілмейді. Осыған байланысты жүргізілген тексерулер саны айтарлықтай азайды.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 5 құқық бұзушылық анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)  158-бабы бойынша 4 іс қозғалды, әкімшілік жауапкершілікке 4 тұлға тартылды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн. 273 мың 820 теңгені құрады.

Заңсыз айналымнан 953 934 теңгені құрайтын 1243 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді.

Ішкі істер министрлігі құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесу бойынша міндеттерді жүзеге асырады.

2021 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 198-бабы (авторлық және сабақтас құқық бұзушылық) бойынша өндірісте 15 қылмыстық іс болды, оның ішінде ағымдағы жылы тіркелгені – 8.

Өндірісте болған істер санынан бір қылмыстық іс аяқталды (тараптардың татуласымен тоқтатылды), тергеу мерзімдері үзілгені – 2, өндірісте қалғаны – 12.

Құқық иеленушілердің болмауы және келтірілген шығынның аздығы себебінен (200 АЕК-ден кем) 21 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауынан (ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 35-бабы 1-бөлігіне сәйкес) сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.

Тоқсан сайын республика аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз тарататын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Анықтама ретінде: 2021 жылы бұндай іс-шара 4 рет өткізілді, 9-11 ақпанда «Anti-Fraud» ЖПІШ, 12-14 мамырда «Hi-Tech» ЖПІШ, 9-15 тамызда «Anti-Fraud» ЖПІШ, 8-14 қарашада «Hi-Tech» ЖПІШ.

Заңсыз айналымнан 3,5 мың бірлік контрафактілік өнім, оның ішінде
3,4 мың контрафактілік аудио-бейне туындалары бар тасымалдағыш, 13 – лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз ету бар тасымалдағыш және 8 бірлік өзге өнімдер алынды.

Адамдар жаппай жиналатын орындарда (бей-берекет сауда жасау, базарлар, аялдамалар және т.б.) бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы ӘҚБтК-нің 196-бабы (тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша 13 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, сомасы 490 мың. теңгеге айыппұл салынды, ӘҚБтК-нің 204-бабы (белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша 201 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы сомасы 500 мың. теңгеге айыппұл салынды.

Интернет желісінде көрсетілген бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулерді тарататын  шетелдік 40 интернет-ресурс анықталды. Олар бойынша ақпарат қолжетімділікті бұғаттау туралы мәселені қарастыру үшін «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Анықтама ретінде: «Киберқадағалау» жүйесі интернет желісінде құқыққа қайшы материалдарды анықтау, есепке алу, бағалау және бұғаттау бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін жұмысты жүйелеуге арналған.

2021 жылы экономикалық тергеу қызметі зияткерлік меншік саласында бұзушылық фактілері бойынша 11 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді (ҚК 198-бабы - 3, ҚК 222-бабы - 8). Келтірілген залалдың сомасы 1,8 млрд. теңгеден асты.

Іс жүргізумен 8 іс аяқталды, оның 7-уі сотқа жолданды, 1-уі ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды.

Мысалы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тіргеу департаменті
(бұдан әрі – ЭТД) жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеден асатын қосалқы автогөліктерді сату кезінде «Hyundai», «Toyota» тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактісі бойынша жеке тұлағаға қатысты ҚК-нің 222-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі сотқа (қарауда) жіберді. 1,8 млрд. теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.

«Ariel», «Tide», «Миф», «Persil» тауар таңбаларын пайдалана отырып, кір жуғыш ұнтақты дайындау, сақтау және тарату жөніндегі жерасты цехының қызметін Түркістан облысы бойынша ЭТД жолын кесті. Залал 5,9 млн. теңгеден астам соманы құрады, ол толық көлемде өтелді.

Алматы қаласы бойынша ЭТД ҚК-нің 198-бабы 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 9 млн.теңгеден асатын контрафактілік кітап өнімдерін заңсыз көшіруден, дайындаудан, таратудан, өткізуден және сақтаудан көрінетін жоғарыда аталған кәсіпорындардың авторлық құқықтарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Мемлекеттік кірістер органдары 2022 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 7583 тауар атауы бойынша 847 тауар белгісі (226 құқық иеленуші) бар.

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2021 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалпы құны 4 679 750 АҚШ долл. болатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 339 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылды.

2021 жылы құқық иеленушілердің өтініштері негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты тоқтатыла тұрған тауарларға арналған декларациялар бойынша ӘҚБтК -нің 158-бабы бойынша 9 әкімшілік материал жасалды және сот 955 бірлік тауарды тәркілеп, кейіннен жойып жіберді, сондай-ақ 787 590 теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 415 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 «Жіктеуіштерді бекіту туралы» бұйрығына зияткерлік меншік объектілері бар тауарларға арналған декларацияларды толтыру кезінде кеден өкілдері мен декларанттардың жауапкершілігін қатаңдатуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Министрлік жанындағы аппеляциялық кеңес 17 отырыс өткізді, олардан – 124 шешім қабылданды, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 54, бас тартылғаны – 58, ішінара қанағаттандырылды – 11, қараудан бас тартылды – 1. 124 шешімнің ішінде 15 апелляциялық шағым берілді (7 – бірінші сатадағы сот күшінде қалдырды, 6 – қарастыруда, 2 - бас тартылды).

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2022