Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асемгуль Амангельдиевна Аппасоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылдың 6 қарашадағы берілген № 12015308 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 17 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Аппасованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Аппасованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.А. Аппасованың 2022 жылғы 17 наурыздағы өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 2-07/1867-И  ұсынуы

 

 

Вице-министр                                                                                  А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
29 марта 2022