Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың 17 қарашада Б.К.Диханбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0005976 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Түркістан облысы Әділет Департаменті:

         1) Б.К.Диханбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Түркістан облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Б.К.Диханбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 15 наурыздағы №02-75-6/323-И ұсыныс және 2022 жылдың 17 ақпандағы № 20-718-22-0000139 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

Дата публикации
25 марта 2022