Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
5 мамырда Ж.Б. Алиеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003074 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы 1 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
Ж.Б.Алиеваға, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: адвокат Ж.Б.Алиеваның өтініші, Ақмола облысы адвокаттар алқасының өтініш хаты, Ақмола облысының 03.03.2022 ж. №06-19/268-И.
Вице-министр А. Әмірғалиев