Лицензияның қолданысын
қайта бастау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылғы 9 тамызда Азбергенова Айгуль Сабыровнаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001108 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Азбергенованың назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: . А.С. Азбергенованың 09.03.2022 ж. өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев