Лицензияның күшін тоқтату туралы

Лицензияның  

күшін тоқтату туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жексенбай Ошановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 18 тамызында берілген № 0000535 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Жамбыл облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты Ж.Ошановқа  нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жамбыл облысы нотариаттық палатасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) Ж.Ошановқа нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын;

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізілсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етілсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 10.02.2022 ж.
№
4-4-24/246-И  ұсынысы және  Ж.Ошановтың  09.09.2021 ж.  № 2043246  қайтыс болу туралы куәліктің  көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
10 марта 2022