Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша  2021 жылы  атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша

 2021 жылы  атқарылған жұмыстар туралы

ақпарат

 

         Әділет органдары қызметкерлері мен азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру үшін 2021 жылдың қортындысы бойынша аумақтық әділет органдары бұқаралық ақпарат құралдарында 1000-нан астам сөз сөйледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілді. Мінез-құлықтың этикалық нормаларын бұзудың және өзге де құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша осыған ұқсас 500-ге жуық  іс-шара өткізілді.

             Жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Әділет министрлігінің  іс-шаралар жоспары әзірленеді.

            Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағын орындау мақсатында, әділет органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар  жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

            "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 16-бабы
 3-тармағын орындау үшін Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында (квазимемлекеттік сектор субъектілерінде) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын жауапты қызметкерлер анықталды.

            Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

 

 

Дата публикации
10 марта 2022