Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асем Аитказыкызы Аитказинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың 10 шілдеде берілген № 14009835 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 26 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Аитказинаның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Аитказинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.А. Аитказинаның 2022 жылғы 26 қаңтардағы өтініші және Шығыс Қазақстан облысы нотариаттық палатасының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 20 ұсынуы

 

 

Вице-министр                                                                                  А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
09 марта 2022