Лицензияның күшін тоқтату туралы

Лицензияның күшін

тоқтату туралы

 

         «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың 7 маусымда Серик Хайырханович Утепбергеновқа берілген №001070 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Маңғыстау облысы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Х. Утепбергеновтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус С.Х. Утепбергеновтың мөрін жоюды.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 21.02.2022 жылғы 05-07/178-И ұсынысы және 23.08.2021 жылғы қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

Дата публикации
09 марта 2022