Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Азизжан Молутович Армидиновқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы
    13 қыркүйекте берілген № 17015866 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
    тоқтатылсын.
  2. Алматы облысы Әділет департаменті:

1) А.М. Армидиновқа нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы нотариаттық палатасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) нотариаттық палатамен бірге А.М. Армидиновтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

3) жекеше нотариус А.М. Армидиновтың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 ж. 18.02 № 06-20/238-И ұсынысы және 2021 ж. 10.09 № 20-549-21-0001335 қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі. 

 

 

Вице-министр                                                                                      А. Әмірғалиев

Дата публикации
04 марта 2022