Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 143-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 143-бабының 2 тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес, Берик Марленович Карабалаевқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
- Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:
1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;
2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;
3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.
- Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
- Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралар қабылдасын және осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
- Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д.Ж. Игембаев).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 28.02.2022 жылғы №02-16-04/3690 Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұсынысы. 17.02.2022 жылғы Шымкент қаласы Полиция департаментінің күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулысы
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев