1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы

1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы

ХАТТАМА

 

 

Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы (бұдан әрi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын)

1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарттың                79-бабына сәйкес, 1997 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа Хаттаманы (бұдан әрі – Шарт) ескере отырып,

Шартқа мынадай өзгеріс енгізуге келісті:

 

1-бап

 

Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«4-бап

               Байланысу тәртiбi

 

Құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi бірі-бiрiмен орталық органдары арқылы байланысады. Уағдаласушы Тараптар тағайындалған орталық органдары, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бірі-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.».

 

2-бап

 

Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

Осы Хаттама Шарттың қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде қолданысын тоқтатады.

 

202_ жылғы «____»_________ _________ әрқайсысы қазақ және литва тiлдерiнде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

Әрбір Уағдаласушы Тарапта осы Хаттаманың данасымен бiрге мәтіннің орыс тiлiндегi ресми аудармасы қалады. Осы Хаттама мәтінінің мазмұны бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайларда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

 

 

Қазақстан Республикасы үшін

  Литва Республикасы үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 марта 2022