2021 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы ақпарат

Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері Қоғамдық кеңестің 7 отырысы өткізіліп онда келесі мәселелер қаралды:

- сот - сараптама қызметін одан әрі дамыту және оның материалдық-техникалық базасын нығайту туралы мәселесін талқылау;

- әкімшілік рәсім мен әкімшілік сот өндірісінің жаңа моделіне көшу шаралары туралы;

- сот орындашыларының әрекеттеріне (әрекетсіздініне) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылдың 9 айдаңы мемлекеттік өызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде жұмысының нәтижесін талқылау;

- зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты талқылау;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау;

- әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған Жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Министрліктің тиісті құралымдық бөлімшелеріне ұсыныстар енгізді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері газет беттерінде мақалалар жариялау және республикалық арналарда баяндамалар жасау арқылы БАҚ-пен беленді әрекеттеседі.

Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес мүшесі К.Р. Баймуханова «Құқық қорғау орбитасында адвокаттар құзыреті шектеулі» тақырып бойынша «Заң» газетіне сұхбат беріп, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға тоқталды. 2021 жылдың 13 наурызында бұл сұхбат «Tengrinews» сайтында жарияланған.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның талаптарына сәйкес, қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу да кіреді.

Осыған орай, жыл басынан бері Қоғамдық кеңес мүшелері Министрлік әзірлеген 74 нормативтік құқықтық актінің жобасын қарап, мақұлдады.

2021 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндама жасады.

2021 жылдың шілде айында «Қоғамдық кеңес мүшелерінің әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл семинарда азаматтық қоғам саласындағы қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ Эстониядан келген халықаралық сарапшы сөз сөйледі.

2021 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің төреғасы С.Г. Темирбулатов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Министрлік пен Қоғамдық кеңестің тиімді өзара іс-қимылы бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
14 февраля 2022