«2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру туралы»

«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы (бұдан әрі – арнайы жоба) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленді, ол Қазақстан халқының құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған.

Арнайы жобаны іске асыру мақсатында Әділет министрлігі БҒМ және ҚР ІІМ, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 1 065 063 адамды қамти отырып, 86 490 іс-шараны іске асырды.

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне еркін қолжетімділік қамтамасыз етілді, бұл әрбір қазақстандыққа онлайн режимде өз құқықтары жайлы білуге және заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың хронологиясын қадағалауға мүмкіндік береді.

Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша 157 мың кеңес берілді. Тұрақты негізде «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні» акциялар форматы бойынша консультациялар өткізіледі.

Ішкі істер министрлігімен «Polisia.kz» атты ақпараттық медиа-портал іске асырылды. Сайтта күнделікті қылмыстардың жиынтығы, сондай-ақ азаматтарды қызықтыратын сұрақтар мен өзекті тақырыптар бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер жарияланады. Айта кеткен жөн, сайтқа күн сайын 15 мыңға жуық интернет пайдаланушылары кіреді.

Қажетті ақпаратты қоғамға барынша кең жеткізу мақсатында облыстардың, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен билбордтар орнатылып, парақшалар мен буклеттер таратылды.

Білім және ғылым министрлігімен оқушыларды құқықтық тәрбиелеу және құқықтық білімді практикалық қызметте қолдану дағдыларын дамыту мақсатында оқушылар, мектеп қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша дебаттар, тәрбие сағаттары, пікірталас клубтары, патриоттық форумдар, акциялар сондай-ақ карантин кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау жөнінде нұсқаулықтар белсенді түрде жүргізілуде.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту мақсатында жол жүрісі қағидаларын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар циклі жүйелі түрде жүргізілуде.

Университеттер базасында «Құқықтану» мамандығы бойынша оқушыларға арналған 25 заң клиникасы ашылды, олар халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған топтарына заң көмегін көрсетеді. Қызметтің ерекшелігі-екі жақты көмек. Бір жағынан, белсенді студенттер халыққа кеңес беру арқылы құқықтық мәдениетті арттырады және құқықтық насихатты жүзеге асырады, ал екінші жағынан, студенттердің өздері де қажетті тәжірибе алып, кәсіби дағдыларын дамытады.

Халықта тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдар, «Nur Otan» партиясы, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша нысаналы, алдын алу шаралары қабылдануда. Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі - Мұратхан Шоқан, Қазақстан Республикасының Композиторлар одағының мүшесі, композитор – Кисметов Қуаныш, заң ғылымдарының докторы – Идрышева Сара және т.б. сияқты беделді ғылым және мәдениет қайраткерлерін тарта отырып, халықпен (сонымен қоса студенттермен) кездесулер мен тікелей эфирлер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылық, балаларға қатыгездік көрсету проблемаларына халықтың назарын аударуға, оған теріс қатынасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Тұрғындар мен азаматтар арасында қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсететін ұйымдар туралы азаматтарды ақпараттандыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бақытты отбасы», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Отбасы-тәрбие көзі», «Бақытты отбасы - ұлт мақтанышы», «Тұрмыс», «Отбасы және балалар» секілді жобалары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және халықтың сенім деңгейін арттыру үшін және құқықтық мәдениетті, халықтың құқықтық санасын және құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша кең ауқымды ақпараттық науқан жүргізу мақсатында арнайы жоба әкімшілері ресми парақшалар мен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат «Рухани жаңғыру» порталына орналастыру үшін «Рухани жаңғыру қазақстандық қоғамдық даму институты» КАҚ жіберіледі.

Арнайы жоба құқықтары мен құқықтық мселелерді шеші туралы ақпараттандырылған азаматтардың санын көбейтуге бағытталған. Халықтың құқықтық санасын арттыру-азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды қадамы.

Сонымен қатар, Арнайы жоба әкімшілерімен осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Дата публикации
16 февраля 2022