Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
    17 наурызда Абжапар Ешенкулович Татибаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000905 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Жамбыл облысы Әділет департаменті:

         1) А.Е. Татибаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) А.Е. Татибаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 08.02.2022 жылғы ұсынсы, 21.12.2021 жылғы № 20-592-21-0000719 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

 

 

 

Дата публикации
11 февраля 2022