Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылдың
    29 маусымда Бекзат Болатулы Жазитке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001288 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 7 ақпанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Б.Б. Жазиттің, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 7 ақпандағы ұсынысы, Б.Б. Жазиттің 2022 жылдың 31 қаңтардағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
11 февраля 2022