Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нэйля Токсеитовна Егембаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылдың 3 сәуірінде берілген № 0000340 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Т. Егембаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.Т. Егембаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус Н.Т. Егембаеваның 2022 жылғы 26 қаңтардағы өтініші және Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 02-23-05/334-И ұсынуы

 

 

Вице-министр                                                                                  А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
07 февраля 2022