Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың
15 сәуірде Махмудин Мухтарович Шохатаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21015224 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
М.М. Шохатаевтың, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 18 қаңтардағы хаты, М.М. Шохатаевтың 2022 жылдың 18 қаңтардағы өтініші.
Вице-министр А. Әмірғалиев