Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың
    3 қарашада Лейла Шарапқызы Шараповаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003375 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 10 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Л.Ш. Шарапованың, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 21 қаңтардағы хаты, Л.Ш. Шарапованың 2022 жылдың 10 қаңтардағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Әмірғалиев

 

 

Дата публикации
07 февраля 2022