Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

Лицензияның қолданысын

қайта бастау туралы

 

         «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылғы 12 қарашада Джаппарова Ардак Сарсенбековнаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001686 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Джаппарованың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: . А.С. Джаппарованың 28.01.2022 ж. өтініші.  

 

 

Вице-министр                                                                                А. Әмірғалиев

 

Дата публикации
07 февраля 2022