Лицензияның күшін
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Р. Абдурахманның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус Ж.Р. Абдурахманның мөрін жоюды.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
Негізі: Шымкент қаласының Әль-Фараби аудандық сотының 2021 жылғы 9 наурыздағы үкімі, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 14 маусымдағы қаулысы, Шымкент қаласы Әділет департаменті және Шымкент қаласы Нотариаттық палатаның 2022 жылы 18 қаңтардағы № 02-23-06/102-И ұсынуы.
Вице-министр А. Әмірғалиев