Лицензиядан айыру туралы

Лицензиядан айыру туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы
    11 шілдеде Сауле Тлеуберлиевна Джармалиноваға адвокаттық қызметпен айналысуға арналған № 17012512 мемлекеттік лицензиясы айырылсын.
  2. Павлодар облысының Әділет департаменті:

         1) С.Т. Джармалиноваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы айырылғаны туралы Павлодар облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) С.Т. Джармалиноваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: 2021 жылдың 12 қарашадағы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының № 7140-21-00-2/4940 шешімі.

 

 

Вице-министр                                                                     А. Әмірғалиев

Дата публикации
28 января 2022