Лицензиядан айыру туралы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Ж.Б. Тайлановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы айырылғаны туралы Алматы қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Ж.Б. Тайлановаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Негізі: 2021 жылдың 15 қазандағы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының № 7140-21-00-2/4293 шешімі.
Вице-министр А. Әмірғалиев