Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспар) бекітілсін.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:
1) Операциялық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Ішкі әкімшілендіру департаментіне ұсынсын.
- Ішкі әкімшілендіру департаменті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы бойынша есептік ақпаратты Аппарат басшысына ұсынсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аппарат басшысы А. Умбеталиев