Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылғы
12 қаңтарында Зауре Габдессалямовна Жоламановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001017 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
З.Г.Жоламанованың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: адвокат З.Г.Жоламанованың өтініші,
Ақмола облыстық адвокаттар алқасының өтініш хаты және Ақмола облысы Әділет департаментінің ұсынысы.
Вице-министр А. Әмірғалиев